Көлденең еңіс бұрышын реттеу
Горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу (J суретін қараңыз)
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (22) бар:
сол жақ | оң жақ |
---|---|
0° | |
45°; 30°; 22,5°; 15° | 15°; 22,5°; 30°; 45° |
- Бекіту басы (18) тартылған болса оны босатыңыз.
- Тұтқышты (19) тартып аралау үстелін (14) керекті ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
- Тұтқышты жіберіңіз. Тұтқыш сезімді ретте ойыққа кіруі керек.
- Бекіту басын (18) қайта тартыңыз.
Горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу (K суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 48° (сол жақ) және 48° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
- Бекіткіш тетік (18) тартылған болса, оны босатыңыз.
- (19) тұтқышын тартып бір уақытта бұғаттау қапсырмасын (17) оған арналған ойыққа тірелгенше басыңыз. Осылай аралау үстелі бос жылжытылады.
- Аралау үстелін (14) бұрыш индикаторы (58) қажетті еңіс бұрышын көрсеткенше бекіту бастиегінен солға немесе оңға бұраңыз.
- Бекіткіш тетікті (18) қайтадан тартыңыз.
- Иінтіректі (19) қайтадан босату үшін (көлденең стандартты еңіс бұрыштарын реттеу үшін) иінтіректі жоғары қарай тартыңыз.
Бұғаттау қысқышы (17) бастапқы күйіне оралып тұтқыш (19) ойықтарына (22) қайта түсуі мүмкін.