Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5) басып тұрыңыз.
- Басылған ажыратқышты (5) бекіту үшін бекіту түймесін (4) басыңыз.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (4) бұғатталған болса, ажыратқышты (5) қысқа уақыт басып, сонан соң жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық қағу қуатына қол жеткізеді. Іске қосу кезеңін электр құралына орнатылған алмалы-салмалы аспапты бір рет еденге қағып қысқартыңыз.
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Қашауды реттегіш сақинаны (3) алға қарай жылжытып, қашауды реттегіш сақинаның (3) көмегімен қашауды қажетті күйге бұраңыз.
- Қашауды реттегіш сақинаны (3) жіберіп, қашауды тірелгенше бұраңыз.