Құралды алмастыру
SDS plus құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және тез алмастыруға болады.
Шаңнан қорғайтын қаптама (1) құрал бекіткішін жұмыс кезінде шаңның кіруінен қорғайды. Құралды орнату кезінде шаңнан қорғайтын қаптаманың (1) зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
- Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу алмастыру керек. Бұл жұмысты қызмет көрсету орталығында орындауға кеңес беріледі.
Алмалы-салмалы аспапты орнату (A суретін қараңыз)
- Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
- Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (B суретін қараңыз)
- Бекіткіш төлкені (2) артқа қарай жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.