Байланыс функциялары

Жүйелік алғышарттар

Ақырғы мобильді құрылғы (планшет, смартфон)

Android 6.0 (және кейінгілері)

iOS 11 (және кейінгілері)

Өзара байланыс функцияларын пайдалану үшін алдымен ақырғы құрылғыға тән қолданбаны орнату қажет.

  • Қолданбаны қолданбалар дүкені (Apple App Store, Google Play Store) арқылы жүктеп алыңыз.
    Нұсқау: тиісті AppStore пайдаланушы тіркелгісі қажет болады.

Қолданба атауы

iOS/Android

Bosch Toolbox

  • Содан кейін қолданбада MyTools немесе Connectivity тармағын таңдаңыз.
  • Ақырғы мобильді құрылғыңыздың дисплейінде электр құралыңыздың ақырғы құрылғымен байланыстыру үшін барлық қалған қадамдары көрсетіледі.

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралына арналған Bosch Toolbox қолданбасымен келесі қосылым функциялары қолжетімді:

  • Тіркеу
  • Favorite жұмыс режимін дербестеу (қуат және әрекет)
  • Құрал параметрлері (мысалы, шаңсорғыштың жұмыс уақыты, жұмыс шамы параметрі)
  • Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
  • Жалпы мәліметтер
  • Басқару

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.

Смартфон белгісі (28), электр құралы Bluetooth® радио технологиясы арқылы ақырғы мобильді құрылғыға ақпарат (мысалы, температура туралы ескерту) жібергенде жанады.

  • Bluetooth® Low Energy Module модулі қосылған электр құралы радио интерфейспен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.

Нұсқау: қақпақты (15) Bluetooth® Low Energy Module модулі және түймелі элемент электр құралында орналасқанда ғана берік жабуға болады.

  • Bluetooth® Low Energy Module модулін ажырату үшін түймелі элементті айналдырыңыз немесе оқшаулағышты түймелі элемент пен Bluetooth® Low Energy Module модулінің арасында орнатыңыз.
  • Лас кірмеуі үшін қақпақты (15) жауып қойыңыз.