"Bosch Levelling Remote App" арқылы қашықтан басқару

Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл функцияны пайдалану үшін (App) "Bosch Levelling Remote App" бағдарламасы керек болады. Оны соңғы құрылғыға байланысты тисті App-Store-дан (Apple‌ App Store‌, Google‌ Play‌ Store‌) жүктеп алуға болады.

Bluetooth® арқылы қосылу үшін қажетті жүйе алғышарттары туралы ақпаратты Bosch веб-сайтынан қараңыз: www.bosch-pt.com.

Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруда мобильді соңғы құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау шарттары пайда болады.

Ақырғы мобильді құрылғымен байланыс орнату/аяқтау

Өлшеу құралын өшіргеннен кейін, Bluetooth® функциясы әрдайым өшірулі болады.

Қашықтан басқару үшін Bluetooth® функциясын қосу:

  • Bluetooth® түймесін (2) қысқаша басыңыз. Түйме растау үшін баяу ырғақпен жыпылықтайды.
  • Егер өлшеу құралы ақырғы мобильді құрылғыға әлдеқашан қосылған және осы ақырғы мобильді құрылғы қол жеткізу аясында болса (іске қосылған Bluetooth® интерфейсімен), осы ақырғы мобильді құрылғымен байланыс автоматты түрде қайта орнатылады. Bluetooth® түймесі (2) үздіксіз жанып тұрса, бұл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.

Bluetooth® арқылы байланыс өлшеу құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасындағы үлкен қашықтыққа немесе бөгеттерге және электрмагниттік кедергі көздеріне байланысты үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда Bluetooth® түймесі (2) жыпылықтайды.

Байланысты қайта орнату (алғаш рет қосылу немесе басқа ақырғы мобильді құрылғыға қосылу):

  • Ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® интерфейсінің іске қосылғанына және өлшеу құралында Bluetooth® функциясының қосылғанына көз жеткізіңіз.
  • Bosch Levelling Remote App қолданбасын іске қосыңыз. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, тиісті өлшеу құралын таңдаңыз.
  • Өлшеу құралындағы Bluetooth® түймесін (2) басып, түйме жылдам ырғақпен жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз.
  • Байланысты ақырғы мобильді құрылғыңызда растаңыз.
  • Bluetooth® түймесі (2) үздіксіз жанып тұрса, бұл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.
  • Байланыс орнату мүмкін болмаса, Bluetooth® түймесі (2) әрі қарай жылдам ырғақпен жыпылықтайды.

Bluetooth® функциясын өшіру:
Bluetooth® түймесін (2), ол сөнетіндей қысқаша басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз.

Өлшеу құралының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту

Өлшеу құралы үшін бағдарламалық жасақтама жаңартуы қолжетімді болса, Bosch Levelling Remote App қолданбасында хабарландыру көрсетіледі. Жаңартуды орнату үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.

Жаңарту барысында Bluetooth® түймесі (2) жылдам ырғақпен жыпылықтайды. Жаңарту сәтті орнатылғанша, барлық басқа түймелер ажыратылады және лазер сызықтары өшіріледі.