12 В литий-иондық аккумулятормен (керек-жарақ) пайдалану

12 В литий-иондық аккумулятор арнайы адаптеріне (21) салынады.

Аккумулятор адаптерін салу үшін аккумулятор адаптерін (21) аккумулятор бөліміне (22) сезілетіндей тірелгенше кіргізіңіз.

Аккумуляторды салу үшін зарядталған 12 В аккумуляторды (5) аккумулятор адаптеріне (21) сезілетіндей тірелгенше кіргізіңіз.

Аккумуляторларды (5) шығарып алу үшін босату түймелерін (6) басып, аккумуляторды аккумулятор адаптерінен (21) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Аккумулятор адаптерін (21) шығарып алу үшін аккумулятор адаптеріндегі босату түймесін (20) басып, аккумулятор адаптерін аккумулятор бөлімінен (22) тартып шығарыңыз.