Қапсырма соққыш қауіпсіздік нұсқаулары
- Аспапта қапсырма барлығын ескеріңіз. Қапсырма соққышын абайламай пайдалану қапсырманың күтілмеген ұшуына және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Аспапты өзіңізге немесе кез келген басқа адамға қаратпаңыз. Күтілмеген басылу қапсырманы босатып жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Аспапты дайындамаға қатты басқанда ғана істетіңіз. Егер аспап дайындамаға тимей тұрса, қапсырма нысанадан ұрылып ұшып кетуі мүмкін.
- Егер қапсырма аспап ішінде қысылса, аспапты тоқ көзінен ажыратыңыз. Қысылған қапсырманы алып тастауда қапсырма соққыш тоққа қосылғанда істеп кетуі мүмкін.
- Қысылған қапсырманы алып тастауда абайлаңыз. Механизмі қысым астында тұрып қапсырмалар қысылған күйден шығатын кезде күшпен босап кетуі мүмкін.
- Бұл қапсырма соққышты электр кабельдерді қысу үшін пайдаланбаңыз. Ол электр кабельдерді орнатуға арналмаған болып электр кабельдердің оқшаулауын зақымдауы мүмкін, бұл арқылы ол элеткр тоқ соғу немесе өрт пайда болуына алып келуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |