Құралды алмастыру

Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (B суретін қараңыз)

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) құрал енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.

Бұрғылау патронының кілтін (9) тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (1) тиісті саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.

Бұрауыш құралдар (C суретін қараңыз)

Қондырма биталарды (10) пайдаланғанда әрқашан әмбебап ұстағышты (11) пайдаланыңыз. Тек шуруп басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.

Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау" ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.