Құралды алмастыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады.
Қосымша тұтқаны (13) кез келген бағытпен қайырып, қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне реттеуге болады.
- Қосымша тұтқаның (13) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (13) қалаулы күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (13) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен қайтадан бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Тереңдік шектегішімен қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттеу түймесін басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (13) енгізіңіз.
Тереңдік шектегішіндегі бұдырлану жоғары немесе төмен қарап тұруы тиіс.
- SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
- Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.