Айналу жиілігін орнату
- Жұмысты бастаудан бұрын дұрыс айналу жиілігін орнатыңыз. Айналу жиілігі бұрғы диаметрі мен бұрғыланатын материалға сай болуы керек. Айналу жиілігі қате орнатылған болса, электр құралы зақымдалуы немесе дайындамада тұрып қалуы мүмкін.
Механикалық берілісті таңдау
- Беріліс ауыстырып-қосқышын (19) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (19) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.
I беріліс:
үлкен бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған төменірек айналу жиілігінің диапазоны.
II беріліс:
шағын бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған жоғарырақ айналу жиілігінің диапазоны.
- Құлыптан босату түймесін (18) басып, беріліс ауыстырып-қосқышын (19) қажетті күйге бұраңыз.
- Беріліс ауыстырып-қосқышы бұрылмаса, алмалы-салмалы аспапты азғантай бұрап, содан кейін қажетті күйге ауыстырыңыз.
Айналу жиілігін реттеу
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады.
Қажетті айналу жиілігі пайдаланылатын алмалы-салмалы аспапқа және өңделетін материалға тәуелді. Бұл бұрғылау кезінде алмалы-салмалы аспаптың қатты қызуына жол бермейді және жоғары бұрғылау сапасын қамтамасыз етеді.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау | Алмалы-салмалы аспап |
---|---|
I беріліс: | Бұрғылау коронкасы (Ø 35–50 мм), таңбалауыш |
II беріліс: | Шиыршық бұрғы, бұрғылау коронкасы (Ø < 35 мм) |