Пайдалану нұсқаулары

Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (6) штативтің (18) немесе стандартты фотоштативтің бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.

Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.

Кіріктірілген магниттік айналмалы ұстағыштың (3) көмегімен өлшеу құралын магниттелетін материалдарға немесе тік беттерге бекітуге болады.

Айналмалы ұстағыштың (3) бекіту мүмкіндіктері:

  • магниттердің (5) көмегімен магниттелетін материалдарға (C суретін қараңыз),
  • стандартты бекіткіш бұранданың көмегімен бойлық бекіткіш саңылау (4) арқылы ағашқа.
  • Магниттік айналмалы ұстағышты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды айналмалы ұстағыштың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің (5) қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.

Өлшеу құралын қосудан бұрын магниттік айналмалы ұстағышты (3) шамамен туралаңыз.

Өлшеу құралын өшірген және тасымалдаған кезде оны айналмалы ұстағышқа қайтадан бекітіңіз (D суретін қараңыз).

Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.

  • Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
  • Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.