Аралау кезіндегі кері соққы (E суретін қараңыз)
Аралау кезіндегі кері соққы шынжыр шинасының аралау материалымен жанасудан немесе шынжырдың қысылуынан жұмыс істеп тұрған электр құралының алға-артқа шұғыл соғылуы болып табылады.
Аралау кезіндегі кері соққы орын алған жағдайда, электр құралы күтілмеген түрде жауап қайтарып, пайдаланушыға немесе аралау аймағында тұрған адамдарға ауыр жарақат тигізуі мүмкін.
Бүйірлік кесіктер, қиғаш және бойлық кесіктер айрықша сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс, себебі бұл жағдайда тіреуішті (10) пайдалану мүмкін болмайды.
Аралау кезіндегі кері соққының алдын алу үшін:
- Электр құралын барынша түзу орналастырыңыз.
- Еш жағдайда босаған, кеңейіп қалған немесе қатты тозған ара шынжырымен жұмыс істемеңіз.
- Еш жағдайда иық деңгейінен биік араламаңыз.
- Еш жағдайда шынжыр шинасының ұшымен араламаңыз.
- Электр құралын әрдайым екі қолмен мықтап ұстаңыз.
- Әрдайым кеуекті бетонға арналған Bosch ара шынжырын (керек-жарақ) пайдаланыңыз.
- Тіреуішті (10) иінтірек ретінде пайдаланыңыз.
- Шынжырдың жақсы керілісін сақтаңыз.