Айналу жиілігін орнату

Механикалық берілісті таңдау

Беріліс ауыстырып-қосқышы (19) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.

I беріліс:
үлкен бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған төменірек айналу жиілігінің диапазоны.

II беріліс:
шағын бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған жоғарырақ айналу жиілігінің диапазоны.

Айналу жиілігін реттеу

Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады.

Қажетті айналу жиілігі пайдаланылатын алмалы-салмалы аспапқа және өңделетін материалға тәуелді. Бұл бұрғылау кезінде алмалы-салмалы аспаптың қатты қызуына жол бермейді және жоғары бұрғылау сапасын қамтамасыз етеді.

Айналу жиілігін алдын ала таңдау

Алмалы-салмалы аспап

I беріліс:
50−250 мин−1

Бұрғылау коронкасы (Ø 35–50 мм), таңбалауыш

II беріліс:
100−510 мин−1

Шиыршық бұрғы, бұрғылау коронкасы (Ø < 35 мм)