Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазер сызығының нивелирлеу дәлдігін, сосын тік лазер сызықтарының нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.
Тексеру үшін берік бетте A және B екі қабырғасының арасында 5 м шамасындағы еркін өлшеу қашықтығы керек болады.
- Өлшеу құралын A қабырғасының жанындағы штативке немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз. Алдыңғы жақта көлденең лазер сызығын және тік лазер сызығын өлшеу құралының алдында қосыңыз.
- Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (Ⅰ нүктесі).
- Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш нүктесін белгілеңіз (Ⅱ нүктесі).
- Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
- Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге Ⅱ сәйкес болатындай бағыттаңыз.
- Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны A қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген Ⅰ нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесін A қабырғасында (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
- А қабырғасындағы Ⅰ мен Ⅲ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максималды ауытқу:
10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3 мм құрауы тиіс.
Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде 2,5 м жай болатын есік тесігі керек.
- Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5 м қашықтықта, берік әрі тегіс бетке орналастырыңыз (штативке емес). Алдыңғы жақта өлшеу құралын және тік лазер сызығын өлшеу құралының алдында қосыңыз. Лазер сызығын есік саңылауына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.
- Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде (Ⅰ нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа жағында (Ⅱ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы шетінде (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
- Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқа жағында тікелей Ⅱ нүктесінің артында орнатыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы нақты Ⅰ мен Ⅱ нүктелерінен өтетін етіп бағыттаңыз.
- Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы шетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз.
- Екі белгіленген Ⅲ және Ⅳ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының тік сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.
- Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Екінші тік лазер сызығы үшін өлшеу әрекетін қайталаңыз. Ол үшін тік лазер сызығын өлшеу құралының жанында бүйірінен қосыңыз және өлшеу құралын өлшеу әрекетін бастамас бұрын 90°-қа бұраңыз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ нүктелердің аралығы ең көбі 1,2 мм болуы керек.