Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсоруды қосу (A суретін қараңыз)
Шаңсору (13) тек қана тегістеу пластинасымен (14) жұмыс істеуге арналған, басқа алмалы-салмалы аспаптармен істеу пайдасы болмайды.
Тегістеу үшін әрдайым шаңсоруды қосыңыз.
Шаңсорғышты (13) монтаждау үшін алмалы-салмалы аспапты және тереңдік шектегішін (11) алып тастаңыз.
Шаңсорғышты (13) трелгенше аспап қысқышы арқылы (8) электр құрылының қысқыш мойныға жылжытыңыз. Шаңсорғышты керекті күйге бұраңыз (электр құралының астына емес). Қысқыш тұтқышты (16) шаңсоруды бекіту үшін басыңыз.
Сору адаптерін (18) сору шлангында (19) сору штуцерлеріне (17) салыңыз. Сорғыш шлангты (19) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.