Қалыптау құралын монтаждау (A−B суреттерін қараңыз)
Қалаған қалыпталған саңылау өлшеміне сәйкес монтаждалатын бөлшектерді таңдаңыз. Қалыптау құралдары қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі металл табаққа және қалыңдығы 2,5 мм-ге дейінгі тот баспайтын металл табаққа арналған.
Ұсынылған Bosch қалыптау құралдары туралы ақпаратты www.bosch-pt.com сайтынан немесе электр құралының XL‑BOXX ішіндегі жапсырмадан табуға болады.
Өлшемі | Тапсырыс нөмірі | Тартпалы бұранмен бірге пайдалану | Қатысты аралық төлке | Аралық төлке қажет |
---|---|---|---|---|
M16 | 2 608 001 157 |
|
| ● |
M20 | 2 608 001 158 | ● | ||
M25 | 2 608 001 159 | ● | ||
M32 | 2 608 001 160 |
|
| ● |
M40 | 2 608 001 161 | − | ||
PG9 | 2 608 001 162 |
|
| ● |
PG11 | 2 608 001 163 | ● | ||
PG13 | 2 608 001 164 | ● | ||
PG16 | 2 608 001 165 | ● | ||
PG21 | 2 608 001 166 | ● | ||
PG29 | 2 608 001 167 |
|
| − |
PG36 | 2 608 001 168 | − |
Тартпалы бұранның, аралық төлкенің, қалыптың және тескіштің таза және техникалық жағынан мінсіз күйде екеніне көз жеткізіңіз.
Тартпалы бұранның (10) бұрандасын аздап майлаңыз (Майлау түтігі: 1 615 430 010). Тартпалы бұранды (10) пуансон бастиегіне (1) бұраңыз.
Алдымен жарамды аралық төлкені (11), содан кейін қалыпты (12) тартпалы бұранға орнатыңыз.
Нұсқау: ирек ойма өлшемдері шағын болғанда, міндетті түрде жарамды аралық төлке (11) (кестедегі деректерге сәйкес) пайдаланылуы керек. Дегенмен оларды үлкенірек ирек ойма өлшемдері үшін де пайдалану ұсынылады, өйткені аралық төлке өңдеу аралығын және осылайша қалыптау процесін қысқартады.