Қалыптауға дайындау және қалыптау процесі
- Аккумуляторды электр құралына тек қалыптау процесін бастамас бұрын салыңыз. Қосу/өшіру түймесі (9) байқаусызда басылса (мысалы, қалыптауға дайындау барысында), жарақат алу қаупі бар.
- Электр құралын кіріктірілген қалыптау құралынсыз немесе қалып пен тескіштің арасында табақ металсыз пайдаланбаңыз.
- Электр құралының қатты қызуына жол бермеу үшін электр құралын 15 минуттан ұзақ үздіксіз пайдаланбаңыз.
Қалыптауға дайындау:
- Табақ металға орнатылған тартпалы бұран диаметрінен (10) шамамен 0,5 мм саңылау бұрғылаңыз (мысалы, сатылы бұрғымен).
- Тартпалы бұранды алдын ала бұрғыланған саңылау арқылы салыңыз. Пуансон бастиегін (1) қалып (12) табақ металға тегіс жататындай етіп бұрыңыз немесе бұраңыз.
- Орнатылған қалыпқа сәйкес келетін тескішті (13) табақ металға аздап қысыммен тірелетіндей күйде тартпалы бұранға бұраңыз.
Қалыптау процесі:
- Аккумуляторды электр құралына енгізіңіз.
- Қалыптау процесін қосу және оны бастау үшін қосу/өшіу түймесін (9) басып, түймені басып тұрыңыз. Жұмыс шамы (7) жанады.
- Электр құралы толық қалыптауды анықтаған жағдайда, тартпалы бұран (10) тескішпен (13) бірге артқы жылжытылып, қозғалтқыш автоматты түрде өшеді. Қосу/өшіру түймесін (9) жіберіңіз. Жұмыс шамы шамамен 10 с кейін автоматты түрде сөнеді.
Қалыптау процесін қолмен аяқтау:
- Қалыптау процесін уақытынан бұрын аяқтау үшін, қосу/өшіру түймесін (9) қалыптау процесі барысында жіберіңіз. Қалыптау процесі тоқтатылады.
- Қалыптау процесі уақытынан бұрын тоқтатылса немесе тартпалы бұран (10) қалыптау процесі аяқталғаннан кейін автоматты түрде артқы жылжытылмаса, бастапқы күйге қайтару түймесін (2) басыңыз. Тартпалы бұран бастапқы позициясына келтірілгенше, бастапқы күйге қайтару түймесін басып тұрыңыз.
Аккумуляторды электр құралынан шығарыңыз. Тескішті (13) тартпалы бұраннан бұрап алып, қалыптан (12) қалыптаудан кейінгі қалдықтарды алып тастаңыз.
Қалыптау процесінің соңғында күй индикаторы (3) жасыл түспен жанса, бұл максималды қысымға қол жеткізілгенін және толық қалыптау анықталғанын білдіреді. Қалыптау сәтсіз аяқталған жағдайда, күй индикаторы қызыл түспен жанады.