Гидравликалық аккумуляторлық тесіқойғыштарға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
ЕСКЕРТУ!
Қорғаныш көзілдірікті кийіңіз.
Қауіпсіз тоқтатуға кепіл берілмейінше, құрал бастиегінің жұмыс аймағына ешқашан қол сұқпаңыз. Электр құралының қауіпсіз тоқтауы, тесіқойғыш толық ашылған және аккумулятор шығарылған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.
- Электр құралын тек 16 жасқа толған, оқытылған кәсіпқой мамандарға ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Осылайша адамдарға төнетін қауіп азайтылады.
- Электр құралын бір адам өзі жалғыз ғана пайдалануы керек. Басқа адамдарды электр құралының қауіпті аймағынан шығарыңыз. Осылайша адамдарға төнетін қауіп азайтылады.
- Электр құралын, құрал бастиегі көрінетін болса және қауіпті аймақта қол-аяқтың орналаспағанына көз жеткізе алсаңыз ғана пайдаланыңыз. Осылайша жарақат алудың алдын аласыз.
- Жұмыс барысында адамдарға немесе машинаға қауіп төнген жағдайда, электр құралын қосу/өшіру түймесін жіберу арқылы тоқтатыңыз.
- Механикалық кері жүріс көмегімен электр құралын төтенше жағдайларда және электр құралымен жұмыс істеу алдында бастапқы күйге келтіруге болады. Электр құралын сақтауға қоймас бұрын немесе жұмысты аяқтағаннан кейін өшіріп, қысымын түсіріңіз. Электр құралының қысымын түсіру үшін бастапқы күйге қайтару түймесін басыңыз.
- Электр құралын қолмен ғана пайдаланыңыз. Қосу/өшіру түймесі мен бастапқы күйге қайтару түймесі төтенше жағдайда пайдалануға болатындай қолжетімді болуы керек.
- Электр құралын стационарлық режимде пайдалануға тыйым салынады. Оны пайдалану үшін жерге қоюға немесе қысқыш құрылғыда қысуға болмайды.
- Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында кернеу астындағы бөлшектердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Жаныңызда кернеу өткізгіш бөлшектер бар болса, тиісті қорғаныс шараларын қолданыңыз. Электр құралы кернеу астындағы бөлшектерде жұмыс істеуге жарамайды.
- Ою матрицасын енгізбес бұрын аккумуляторды шығарыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының кенет іске қосылуына жол бермейді.
- Электр құралын жарылғыш ортада пайдаланбаңыз.
- Электр құралын ашпаңыз. Әйтпесе қауіпсіз жұмыс істеуге кепіл берілмейді және кепілдік күші жойылады.
- Электр құралының қатты қызуына жол бермеу үшін электр құралын 15 минуттан ұзақ үздіксіз пайдаланбаңыз. Электр құралы үздіксіз пайдалануға жарамайды.
- Баспақтау бастиегін суытпай ұстамаңыз. Баспақтау бастиегі ұзақ уақыт пайдаланудан қызып кетуі мүмкін.
- Биік жерде жұмыс істеген жағдайда электр құралын құлаудан қорғайтын құралдармен берік бекітіп, жұмыс аймағының астында адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Бас үстінен орындалатын жұмыстар үшін бас қорғанысын киіп жүріңіз. Осылайша электр құралы кенет құлаған жағдайда, мүлікке залал келтірудің және адамдарға жарақат тигізудің алдын алуға болады.
- Май аққан жағдайда, электр құралын өндірушіге қайтару керек.
- Шығып кеткен гидравликалық майдың тиюіне жол бермеңіз. Теріге тисе, оны сабынмен және сумен жақсылап жуып шығыңыз. Көзге тисе, оны бірден судың жеткілікті мөлшерімен кемінде 10 минут шайыңыз. Гидравликалық майдың тиюі тітіркенуге және аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін.
- Электр құралын қауіпсіз өшіргеннен кейін ғана аккумуляторды шығарыңыз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
ЕСКЕРТУ
Түймелі элемент балалардың қолына түспеуін қамтамасыз етіңіз. Түймелі элементтер қауіпті.
- Түймелі элементтерді еш жағдайда жұтуға немесе денеге басқа жолдармен кіргізуге болмайды. Түймелі элемент жұтылған немесе денеге басқа жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу дәрігерге жолығыңыз. Түймелі элементтің жұтылуы 2 сағат ішінде іштей қатты күюге және өлімге әкелуі мүмкін.