Жұмыс нәтижелерін Bosch Read-Out Software арқылы оқу

Электр құралы әр жұмыс процесі үшін қысым және жұмыс уақыты сияқты деректерді сақтап қояды. Бұл деректерді оқу үшін Bosch Read-Out Software қажет. Оны www.bosch-professional.com веб-сайтынан тегін жүктеп алуға болады. Бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алыңыз да, орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз. Бағдарламалық жасақтамада келесі техникалық қызмет көрсету аралығына дейін қанша жұмыс циклдерінің қалғанын да көруге болады.

Протокол жазбаларын көшіру үшін USB портының (4) қақпаған ашып, электр құралын USB Type‑C® кабелі арқылы компьютеріңізге қосыңыз. Протокол жазбаларына қол жеткізу үшін, аккумулятор электр құралына салынуы керек.