Пайдалану нұсқаулары
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз.
Тегістеуде ажырату қуаты таңдалған тегістеу дискіне және алдын ала таңдалған тербелу санына байланысты.
Тек мінсіз күйдегі ажарлағыш төсемдер дұрыс ажарлау өнімділігін қамтамасыз етіп, электр құралын жақсы күйде сақтауға мүмкіндік береді. Электр құралын қосып, бүкіл ажарлау бетін өңделетін бетке қойыңыз және күшпен басып, дайындама үстінен жылжытыңыз.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты басуға талпыныңыз.
Шамадан артық басу күші жоғары ажарлау қуатын қамтамасыз етпей, электр құралының тым қатты тозуына және ажарлағыш пластинаның мерзімінен бұрын істен шығуына әкеледі.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын пайдаланыңыз.