Ажарлауыш құралдарын орнату
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (22) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (3) басып, шпиндельді бекітіңіз.
- Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Ажарлағыш/кескіш диск
Ажарлау құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес келуі керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы (20) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап бекітіңіз.
- Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
M 14 ажарлау шпинделіне арналған тірек фланеці: тірек фланецінде (14) ортаға келтіретін түйіннің айналасына пластик бөлік (тығыздауыш сақина) енгізілген. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (14) қайта пайдаланбас бұрын міндетті түрде алмастыру керек.