Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы суды пайдаланбай металл, тас, пластик пен композиттік материалдарды кесуге және қылшақпен өңдеуге, металл, пластик пен композиттік материалдарды дөрекі ажарлауға арналған. Бұл ретте дұрыс қорғаныш қаптаманың қолданылуына көз жеткізу керек қараңыз Пайдалану.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады.
Электр құралын тастан жасалған материалдарды алмасты тостаған тәрізді дискілермен ажарлау үшін пайдалануға болмайды.