Жылжымалы тұтқаны бұғаттау
Жылжымалы тұтқаның (27) жылжыту механизмін қысқыш тұтқыш (24) көмегімен бұғаттауға болады. Онда жылжымалы тұтқада екі күй болады:
- Жылжымалы тұтқаны толығымен арқаға жылжытылған (жоғарыдан кесу үшін)
- Жылжымалы тұтқаны толығымен алға тартылған (тұтас тасымалдау күйі үшін)
Жылжыма тұтқышты шығару (B1 суретін қараңыз)
Жылжымалы тұтқаның (27) бұғаттауын ашқаннан соң толық жылжыту механизмін пайдалануға болады.
- Қысқыш тұтқышты (24) төменге тірелгенше басыңыз.
- Қысқыш тұтқыштың қысқыш сынасы жылжымалы тұтқаның төменгі екі топсасын босатады.
Жылжыма тұтқаны бекіту (B2 суретін қараңыз)
Жылжымалы тұтқа толығымен арқаға жылжытылған:
- Жылжымалы тұтқаны (27) тірелгенше арқаға жылжытыңыз.
- Жылжымалы тұтқаның екі жоғарғы топсасы енді тегіс тұрып жабық болып тұр.
- Қысқыш тұтқышты (24) жоғарыға қысқыш сына жылжымалы тұтқаның екі төменгі топсаларының арасында орнатылғанша тартыңыз.
- Арқаға жылжытылған жылжымалы тұтқа (27) осылай бұғатталады.
Жылжымалы тұтқа толығымен алға тартылған:
- Жылжымалы тұтқаны (27) тірелгенше алға жылжытыңыз.
- Жылжыту механизмі енді толығымен шығарылған.
- Қысқыш тұтқышты (24) жоғарыға қысқыш сына жылжымалы тұтқаның екі төменгі топсаларының арасында орнатылғанша тартыңыз.
- Толығымен алға жылжытылған жылжымалы тұтқа (27) осылай бұғатталады.