Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек.

  • Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (37) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз. Иінтірек (12) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.

Тексеріңіз (T1 суретін қараңыз)

  • Дайындамада тікелей кесік сызығын сызыңыз.
  • Жылжымалы тұтқаны (27) қол тұтқасымен (1) жай төменге бағыттаңыз.
  • Дайындаманы аралау дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатын етіп бағыттаңыз.
  • Дайндаманы осы күйде ұстап жылжымалы тұтқаны жай қайта жоғарыға бағыттаңыз.
  • Дайындаманы қысып қойыңыз.
  • Лазер сәулелерін (59) қосқышымен қосыңыз.

Лазер сәулелері бүтін ұзындығында сол мен оң жақта дайындамада сызылған кесік сызығынан бірдей аралықта болуы керек.

Лазер қорғау қалпақшасын алып тастау (T2 суретін қараңыз)

  • Екі бұрандаманы (62) лазер қорғау қалпақшасында (26) алты қырлы дөңбек кілтпен ( мм) 4 (16) босатыңыз.
    Нұсқау: Лазер қорғау қалпақшасының алғы бұрандасына жету үшін жылжымалы тұтқаны алты қырлы дөңбек кілтті тербелуден сақтау қаптаманың тесігінен өтетін болғаныша аз төменге қайырыңыз.

Түзулігін реттеу (T3 суретін қараңыз)

  • Лазер қорғау қалпақшасын (26) алып қойыңыз.

1. Оң лазер сәулесін реттеу:

  • Реттеу бұрандамасын (63) алты қырлы дөңбек кілтпен (17) лазер сәулесі бүтін ұзындығында сызылған кесік сызығына параллельді болуына болғаныша бұраңыз.
    Онда сол лазер сәулесі да жылжытылады.

Сағат тіліне қарсы бір айналым лазер сәулесін оңдан солға жылжытады.

2. Сол лазер сәулесін реттеу:

  • Реттеу бұрандамасын (63) ішкі алты қырлы кілтпен ((17) сол лазер сәулесі дайындамадағы сызылған сызықтан оң лазер сіулесімен бірдей аралықта болғаныша бүраңыз.

Сағат тіліне қарсы бір айналым лазер сәулесін оңдан солға жылжытады.

  • Лазер қорғау қалпақшасын (26) қайта бекітңіз.

Параллельдігін реттеу (T4 суретін қараңыз)

  • Лазер қорғау қалпақшасын (26) алып қойыңыз.
  • Бекіткіш бұрандаманы (64) (шам. 1-2 айналым) алты қырлы дөңбек кілтпен (17) босатыңыз. Бұранданы толық шығармаңыз.
  • Лазердің орнату тақтасын лазер сәулелері бүтін ұзындығында дайындамада сызылған кесік сызығынан параллельді болғанша оңға немесе солға жылжытыңыз.
  • Лазердің орнату тақтасын осы күйде ұстап бекіткіш бұранданы (64) қайта берік бұрап қойыңыз.
  • Реттеуден соң кесік сызығының түзулігін тексеріңіз. Керек болса, лазер сызықтарын реттеу бұрандамаларымен (63) қайта туралаңыз.
  • Лазер қорғау қалпақшасын (26) қайта бекітңіз.

Жылжымалы тұтқаны жылжытуда жақтық ауытқуды реттеу (T5 суретін қараңыз)

  • Лазер қорғау қалпақшасын (26) алып қойыңыз.
  • Екі бекіткіш бұрандаманы (65) (шам. 1-2 айналым) алты қырлы дөңбек кілтпен (17) босатыңыз.
    Бұрандаларды толық шығармаңыз.
  • Лазер корпусын лазер сызықтары жылжымалы тұтқаны арқаға жылжытуда жанға ауытқулары жоқ болғаныша оңға немесе солға жылжытыңыз.
  • Реттеуден соң кесік сызығының түзулігін тексеріңіз. Керек болса, лазер сызықтарын реттеу бұрандамаларымен (63) қайта туралаңыз.
  • Лазердің корпусын осы күйде ұстап бекіткіш бұрандамаларын (65) қайта берік бұрап қойыңыз.
  • Лазер қорғау қалпақшасын (26) қайта бекітңіз.

  • Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (37) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз. Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.

Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне (37) қойыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (39) жатуы керек.

Реттеу (U2 суретін қараңыз)

  • Қысқыш тұтқаны (13) босатыңыз.
  • Екі реттеу бұрандамасын (66) (кемінде 1 айналым) дөңбек кілтпен (10 мм) босатыңыз.
  • Бекіткіш бұрандаманы (68) (шам. 3 айналым) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (16) босатыңыз.
  • Реттеу бұрандамасын (67) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (16) бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде жатқаныша бұраңыз.
  • Қысқу тұтқасын (13) қайта берік бекемдеңіз. Алдымен реттеу бұрандамасын (68) сосын (66) реттеу бұрандамаларын қайта бұрап қойыңыз.

Егер (32) мен (20) реттеуден соң (31) шкаласының 0° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, бекіткіш бұранданы крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш көрсеткішін 0° белгілерінен туралаңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (37) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз. Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
  • Сол реттелетін тіреуіш планканы (5) толық сыртқа тартыңыз.
  • Қысу тұтқасын (13) босатып жылжымалы тұтқаны қол тұтқасында (1) тірелгенше солға (45°) қисайтыңыз.

Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне (37) қойыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (39) жатуы керек.

Реттеу (V2 суретін қараңыз)

  • Реттеу бұрандамасын (69) айыр тәрізді кілтпен (8 мм) бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде жатқанша бұраңыз.
  • Қысу тұтқасын (13) қайта берік бекемдеңіз.

Егер (32) мен (20) бұрыш көрсеткіштері реттеуден соң (31) шкаласының 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса алдымен еңіс бұрышының 0° параметрін сосын бұрыш көрсеткішін тексеріңіз. Сосын қисайту бұрышының 45° параметрін тексеріңіз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (37) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз. Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
  • Оң реттелетін тіреуіш планканы (5) толық сыртқа тартыңыз.
  • Қысқыш тұтқаны (13) босатыңыз.
  • Жылжымалы тұтқаны қолтұтқада (1) 0° күйінен аздап солға аударып бұрау тетігін (38) керекті оң еңіс бұрышының диапазоны көрсетілгенше бұраңыз.

  • Жылжымалы тұтқаны қолтұтқасынан (1) тірелгенше оңға (45°) қайырыңыз.

Тексеріңіз (W1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау үстеліне (37) қойыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (39) жатуы керек.

Реттеу (W2 суретін қараңыз)

  • Реттеу бұрандамасын (70) айыр тәрізді кілтпен (8 мм) бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде жатқанша бұраңыз.
  • Қысу тұтқасын (13) қайта берік бекемдеңіз.

Егер (32) мен (20) бұрыш көрсеткіштері реттеуден соң (31) шкаласының 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса алдымен еңіс бұрышының 0° параметрін сосын бұрыш көрсеткішін тексеріңіз. Сосын қисайту бұрышының 45° параметрін тексеріңіз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (37) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз. Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.

Тексеріңіз (X1 суретін қараңыз)

  • Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (6) мен аралау дискісі (39) арасында аралау үстеліне (37) орнатыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (39) жатуы керек.

Реттеу (X2 суретін қараңыз)

  • Барлық төрт реттеу бұрандасын (71) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (16) аралау үстелін (37) шкаламен (36) бірге бұрышты калибрдің бір жағы ара дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша бұраңыз.
  • Бұрандаларды қайта берік бекітіңіз.

Егер бұрыш индикаторы (57) реттегеннен кейін шкаланың (36) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (72) стандартты крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен туралаңыз.

Қысу тұтқасының (13) қысу күшін реттеуге болады.

Тексеріңіз

  • Қысу тұтқасының қысу күші кез келген вертикалды еңіс бұрышында жылжымалы тұтқаның күйін бекем ұстау керек.

Реттеу

  • Қысу тұтқасын (13) босатыңыз.
  • Екі реттеу бұрандамасын (73) (17 мм) дөңбек кілтпен сағат тіліне қарсы бұрап қысу қуатын төмендетіңіз немесе сағат тілімен бұрап қысу қуатын көтеріңіз.
  • Вертікальды еңіс бұрышын реттеңіз, қысу тұтқышын (13) қайта бекітіп керекті қысу күші жетілгенін тексеріңіз.