Жұмыс істеуге дайындау

Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (7) көмегімен солға немесе оңға үлкейту мүмкін.

  • Қысу тұтқышын (50) арқаға қайырыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (7) керекті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз (максималды 250 мм).
  • Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш тұтқышты (50) қайта сыртқа басыңыз.

 

Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (5) сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.

тік еңіс бұрышы

көлденең еңіс бұрышы

0°–47°
(сол жақ)

≤ 44°
(оң/сол жақ)

  • Бұғаттау бұрандасын (51) босатыңыз.
  • Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (5) толық сыртқа тартыңыз.

0°–47°
(сол жақ)

≥ 45°
(оң/сол жақ)

  • Бұғаттау бұрандасын (51) босатыңыз.
  • Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (5) толық сыртқа тартыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз.
  • Бұғаттау бұрандасын (51) алып тастаңыз.

0°–47°
(оң жақ)

≤ 44°
(оң/сол жақ)

  • Бұғаттау бұрандасын (51) босатыңыз.
  • Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (5) толық сыртқа тартыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз.

0°–47°
(оң жақ)

≥ 45°
(оң/сол жақ)

Жылжымалы тұтқаның (27) жылжыту механизмі зауытта алдын ала реттелген болып, электр құралы жеткізілген кезінде бәсеңдетілмеген күйде болады.

Жылжыту механизмінің бәсеңдетілуін жеке ретте бәсеңдеткіште (52) реттеуге болады:

қатты – бақыланған жұмыс әрекеттері;

жұмсақ – жылдам аралау әрекеттері.

  • Екі реттегіш бұранданы (53) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (16) жұмсақ бәсеңдету үшін босатыңыз
  • немесе
  • екі реттегіш бұранданы (53) қатты бәсеңдету үшін қатты тартыңыз.

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған дайындамаларды өңдемеңіз.

  • Дайындаманы (6) және (5) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Жинақтағы бұрандалы қысқышты (18) арнайы саңылауларға (54) енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұранданы босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
  • Бұрандалы өзекті (56) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.

Дайындаманы босату

  • Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (56) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.