Жұмыс істеуге дайындау
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (25) көмегімен солға немесе оңға ұзартуға болады.
- Қысқыш бұранданы (24) босатыңыз.
- Аралау үстелінің ұзартқышын (25) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз.
- Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш бұранданы (24) қайтадан тартып қойыңыз.
Дайындама тіреуіштерінің (26) икемді штепсельдік жүйесі ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
- Қажет болса, дайындама тіреуішін (26) электр құралындағы бекіткіштерге (47) немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (48) енгізіңіз.
- Электр құралын еш жағдайда дайында тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз.
Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (28) сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.
Тік еңіс бұрышы | Көлденең еңіс бұрышы | |
---|---|---|
0°–22,5° | > 0° |
|
22,5°–47° | ≤ 48° |
|
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.
- Дайындаманы (28) және (27) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
- Жинақтағы бұрандалы қысқышты (41) арнайы саңылауларға (42) енгізіңіз.
- Бұрандалы қысқыштың бұрандалы өзегін (40) дайындама биіктігіне бейімдеңіз.
- Бұрандалы өзекті (40) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.