Ақаулықтарды жою

Ақаулық

Шешім

Сору турбинасы жұмыс істемей тұр.

  • Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (37) тексеріңіз.

Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (7) "Іске қосу/тоқтату автоматикасы" режимінде тұр.

  • Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (5) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы өшеді.

  • Контейнерді (1) босатыңыз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр.

  • Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, 5 секунд өткеннен кейін қайта қосыңыз.
  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (37) және датчиктердің (37) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сору қуаты төмендеді.

  • Сору саптамасын, сору құбырын (31), сорғыш шлангіні (24) немесе жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) жиналып қалған кірден тазартыңыз.
  • Қоқыс қабын (25) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз.
  • Сүзгі қаптамасын (36) дұрыс бекітіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (12) дұрыс орнатып, құлыптарын (13) жауып қойыңыз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) алмастырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр

  • Жалпақ қатпарлы сүзінің (26) дүрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) алмастырыңыз.

Өшіру автоматикасы (ылғал шаң сору) жұмыс істемей тұр.

  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (37) және датчиктердің (37) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сұйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді.

  • Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.

Дыбыстық ескерту сигналы беріледі.

Тым төмен сору қуаты орнатылған.

  • Сору қуатын реттегішті (8) жоғарырақ мәнге орнатыңыз.

Дұрыс емес шланг диаметрі орнатылған.

  • Ауа ағынын реттегішті (6) сору шлангінің дұрыс диаметріне сәйкес орнатыңыз.

Сорғыш шланг (24) бітелген немесе бүктелген.

  • Бітелісті немесе бүктелуді кетіріңіз.

Қоқыс қабы/шаң жинағыш қап толып кетті.

  • Қоқыс қабын (25) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз.

Жалпақ қатпарлы сүзгі (26) ластанған.

  • Жаопақ қатпарлы сүзгіні тазалаңыз немесе қажет болса, алмастырыңыз.

Жалғанған электр құралы арқылы жеткілікті ауа ағыны өтпей жатыр.

  • Қосымша ауа саңылауын (34) сору адаптерінде (22) ашыңыз: сору адаптеріндегі сақинаны қосымша ауа саңылауы толығымен ашылғанша бұрап тұрыңыз.
  • Бар болса: электр құралының қосымша ауа саңылауын ашыңыз.

Бақылау электроникасы қате жұмыс істеп тұр.

  • Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы жұмыс істемей тұр.

  • Сүзгі тазалау функциясын іске қосыңыз (AFC түймесін (9) басыңыз).
  • Сорғыш шлангіні (24) жалғаңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын өшіру мүмкін емес.

  • Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын қосу мүмкін емес.

  • Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз.