Сақтау және тасымалдау (K суретін қараңыз)
- Желілік кабельді кабель ұстағышына (17) ораңыз.
- Керек-жарақтарды өзінің арнайы ұстағыштарына салыңыз: сору құбырларын (31) ұстағыштарына (19), тесік қондырманы (27) ұстағышына (20), едендік саптаманы (30) ұстағышына (21).
- Сорғыш шланг ұстағышының (4) иілімді таспасын ашып, сорғыш шлангіні (24) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің айналасынан ұстағышқа (4) салыңыз.
Иілімді таспаларды қайта іліңіз. - L-Boxx қорабын патрондарына (11) шертіңіз.
- Шаңсорғышты тасымалдаудан бұрын бел жарақаттануының алдын алу үшін толы қоқыс қабын немесе толы шаң жинағыш қапты шығарыңыз немесе алынған сұйықтықтарды босатыңыз.
Шаңсорғышты тек тұтқасынан (10) ұстап тасымалдаңыз. - Шаңсорғышты тасымалдау үшін тығынды (2) шланг патронына (3) бұрап бекітіңіз.
- Шаңсорғышты құрғақ бөлмеге қойыңыз және рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.
- Басқару дөңгелектерін (16) бекіту үшін басқару дөңгелектерінің тежегішін (15) төмен басыңыз.