Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы | |
---|---|
1-класты | |
Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады. | |
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз. | |
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. | |
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. | |
Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз. | |
Еңіс бұрыштарында аралау кезінде реттелетін тіреуіш планканы сыртқа қарай тарту керек. | |
Дайындамалар бос жағында аралау үстелінің ұзартқыштары арқылы басылып тірелуі тиіс. | |
|
Аралау дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз аспап шпинделіне сай келуі керек. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және тесіктерінің диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сай болуына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз. Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сай болуы тиіс. |
Қыспа иінтірек жабық: Қыспа иінтірек ашық: |