Сақтау және тасымалдау
Құрылғы элементтерін сақтау (O1–O2 суреттерін қараңыз)
Сақтау үшін электр құралы белгілі бір құрылғы элементтерін нық бекітуге мүмкіндік береді.
- Қосымша параллель тіректі (41) параллель тіректен (5) босатыңыз.
- Барлық бос құрылғы бөліктерін олардың корпустағы сақтау ұяшықтарына салыңыз (төмендегі кестені қараңыз).
Құрылғы элементі |
Сақтау ұяшығы |
---|---|
Параллель тірек (5) |
айналдыру, астыңғы жақтан бағыттауыш шиналарға ілу және қысқыш тұтқаны (39) бекіту |
Жылжыту таяғы (12) | ұяшыққа (68) салу |
Қорғаныш қаптама (3) | ұстағыштың (11) тесігіне ілу және қыспа иінтірекпен (37) бұрап бекіту |
Алты қырлы дөңбек кілт (10) | ұяшыққа (69) салу |
Шеңберлік кілт (9) | ұяшыққа (70) салу |
Бұрыштық тірек (2) | ұяшыққа (7) салу |
Қосымша параллель тірек (41) | параллель тіректегі (5) артқы ойыққа кіргізу және қатпарлы бұрандалардың көмегімен тарту |
Электр құралын тасымалдау
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі қадамдарды орындау керек:
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз. - Аралау үстелінің кеңейтімін (6) толығымен ішке жылжытып, қысқыш тұтқаны (13) бекіту үшін төмен қарай итеріңіз.
- Желілік кабельді кабель ұстағышына (26) ораңыз.
- Көтеру немесе тасымалдау үшін тасымалдау тұтқаларын (27) пайдаланыңыз.
- Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз.