Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (B суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
- Бекіткіш иінтіректі (18) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең күйге аударылады.
- Сермерді (14) бұрыш индикаторы (52) қажетті тік еңіс бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
- Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі (18) қайтадан бекітіңіз.
0° және 45° стандартты бұрыштарды жылдам әрі дәл реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((20), (17)) қолданылады.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек) (C суретін қараңыз)
Нұсқау: қысқарту кесіктері үшін (ұзын сыналар) тиісті жабдықтарды пайдаланыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын 30° (сол жақ) және 30° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
- Бекіткіш бастиек (53) тартылған болса, оны босатыңыз.
- Бұрыштық тіректі бұрыш индикаторы (54) қажетті еңіс бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
- Бекіткіш бастиекті (53) қайтадан тартыңыз.