Пайдалануға ендіру
GCA 30-42 және GCT 30-42 арасында байланыс орнату
- GCT 30-42 таратқыш модулі GCA 30-42 қабылдағыш модулінің жанында орналасқанына көз жеткізіңіз.
- Сорғыштың желілік ашасын желілік розеткаға енгізіңіз.
- Сорғыш ауыстырып-қосқышын автоматты түрде іске қосу/тоқтату күйіне орнатыңыз.
- GCA 30-42 қабылдағыш модулін (1) ашасы (4) арқылы сорғыштағы розеткаға енгізіңіз.
- Автоматты түрде іске қосу белгісі бар күй индикаторы (2) көк түспен жыпылықтайды.
- GCT 30-42 таратқыш модуліндегі іске қосу/тоқтату түймесін (7), жарық диодты күй индикаторы (6) көк түспен екі рет жыпылықтап шыққанша басыңыз.
GCT 30-42 таратқыш модуліндегі жарық диодты күй индикаторы (6) көк түспен қысқа уақытқа жанады.
Байланыс орнатылған:
- GCA 30-42 қабылдағыш модуліндегі автоматты түрде іске қосу белгісі бар күй индикаторы (2) жасыл түспен жанады.
- GCT 30-42 таратқыш модуліндегі жарық диодты күй индикаторы (6) жасыл түспен қысқа уақытқа жанады.
Түймелі элементті алмастыру кезінде келесі нұсқау қолданылады:
- Егер GCT 30-42 таратқыш модулі түймелі элементті алмастырмас бұрын GCA 30-42 қабылдағыш модулімен байланыстырылған болса, түймелі элемент алмастырылғаннан кейін, байланыс автоматты түрде қайта орнатылады.
- Түймелі элементті алмастырғаннан кейін ешқандай байланыс болмаса, байланыс орнату қажет болады.
Бастапқы күйге қайтарғаннан кейін таратқыш пен қабылдағыш модульдерді қайта байланыстыру қажет.