Ротациялық лазерге және қашықтан басқару құралына арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
Қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Берілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, кіріктірілген қорғаныс құрылғыларына теріс әсер етілуі мүмкін. Ескерту тақтайшаларын еш жағдайда оқылмайтын күйге жеткізбеңіз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ ӨНІМДІ БАСҚАЛАРҒА ТАБЫС ЕТКЕНДЕ ҚОСА БЕРІҢІЗ.
- Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.
- Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген).
- Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.
- Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
- Өнімді тек білікті маманға және түпнұсқа бөліктермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша қауіпсіздіктің сақталуына кепіл беріледі.
- Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін.
- Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң болатын жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істемеңіз. Ұшқын пайда болып, шаңды немесе буды тұдандыруы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары - GRL 250 HV:
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. |
- Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек.
Қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары - GRL 300 HV, GRL 300 HVG:
- Өлшеу құралындағы лазер шығару саңылаулары ескерту тақтайшасымен белгіленген. Өлшеу құралын пайдаланған кезде олардың күйіне назар аударыңыз.
- Егер тиісті ескерту тақтайшасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет пайдаланудан бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.
- 3R лазер сыныбындағы лазерді пайдалануда мемлекеттік заңдарды ескеріңіз. Сол заңдарды ескерместік жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Өлшеу құралын тек лазер аспаптарын пайдалануды білетін адамдар пайдалануы мүмкін. EN 60825‑1 бойынша бұл лазердің көз бен денеге биологиялық әсері және қауіптерді болдырмау үшін лазер қорғауын дұрыс пайдалану туралы білімдерді да қамтиды.
- Тиісті лазер ескерту тақталарымен өлшеу құралын пайдалану аймағын белгілеңіз. Осылай бөгде адамдар қауіпіті аймақта тұруына жол бермейсіз.
- Өлшеу құралын бөгде адамдар кіре алатын жайларда қалдырмаңыз. Өлшеу құралын пайдалануды білмеген адамдар өздері мен басқаларды жарақаттауы мүмкін.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл өлшеу құралы EN 60825‑1 бойынша 3R лазер класындағы лазер сәулелерін шығарады. Лазер сәулесіне ұзақ қашықтықтан да тікелей қарау көзге зақым келтіруі мүмкін. |
- Лазермен сәулелену аймағының бақылануына немесе тасалануына көз жеткізіңіз. Лазер сәулелерінің бақыланатын аймақтарға шектеу бөгде адамдардың көздерінің зақымдануының алдын алады.
- Өлшеу құралын лазер сәулелері көз деңгейінен төмен өтетін етіп орнатыңыз. Осылай көз зақымдануына жол бермейсіз.
- Терезе немесе айна сияқты тегіс беттерден лазер сәулесінің қайтарылуына жол бермеңіз. Қайтарылған лазер сәулесі да көзге зиянды болуы мүмкін.