RM 1 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу
(A–B суреттерін қараңыз)
Бұрама ұстағыштың (13) көмегімен өлшеу құралын 360°-қа бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары дәл бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді.
Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (17) бұрама ұстағыштың (13) бағыттауыш рейкасына (14) қаратып орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
- тегіс аймақта тұруда,
- тік аймаққа бұрап бекітілгенде,
- төбе қапсырмалары (18) көмегімен металл төбе рейкаларында,
- магниттердің (16) көмегімен метал беттерде.
- Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.