Реттеулер
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) позициясын "ортаңғы" ретінде көрсету дәлдігін белгілеуге болады.
Ортаңғы сызық индикаторының ағымдағы реттеуі қабылдау дәлдігінің индикаторында (c) көрінеді.
Қабылдау дәлдігін өзгерту үшін қабылдау дәлдігін реттеу түймесін (18) дисплейде қалаулы реттеу көрсетілгенше басыңыз. Қабылдау дәлдігін реттеу түймесін әр басқан сайын мәтіндік индикаторда (e) қабылдау дәлдігінің тиісті мәні қысқа уақытқа көрсетіледі.
Қабылдау дәлдігінің реттеуі құрылғыны өшірген кезде жадқа сақталады.
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) орналасуы сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін.
Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды өшіруге болады.
Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін дыбыстық сигнал түймесін (20) дисплейде қалаулы дыбыс деңгейі көрсетілгенше басыңыз. Дыбыс деңгейі төмен болса, дисплейдегі дыбыстық сигнал индикаторы (g) бір сызықшамен, ал дыбыс деңгейі жоғары болса, 3 сызықшамен пайда болады, дыбыстық сигнал өшірулі болса, индикатор сөнеді.
Дыбыстық сигнал реттеуіне қарамастан, лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) алғаш рет кірген кезде, растау ретінде төмен дыбыс деңгейіндегі қысқа сигнал беріледі.
Дыбыстық сигнал реттеуі лазер қабылдағышын өшірген кезде жадқа сақталады.
Реттеу мәзірін шақыру: X осінің түймесін (16) және Y осінің түймесін (15) бір уақытта басыңыз.
Реттеуді ішкі мәзірдің ішінде өзгерту: реттеулер арасында ауысу үшін X осінің түймесін (16) немесе Y осінің түймесін (15) басыңыз. Соңғы рет таңдалған реттеу, мәзірден шыққан кезде, автоматты түрде жадқа сақталады.
Ішкі мәзірді ауыстыру: келесі ішкі мәзірге өту үшін CenterFind режимінің түймесін (17) басыңыз.
Реттеу мәзірінен шығу: CenterFind режимінің түймесін (17), реттеу мәзірі жабылғанша басыңыз. Оған қоса реттеу мәзірі, түймені соңғы рет басқаннан кейін, шамамен 10 с ішінде автоматты түрде жабылады.
Төмендегі ішкі мәзірлер қолжетімді:
- Салыстырмалы биіктік индикаторының өлшем бірлігі: өлшем бірліктерінің мәзірін шақырған кезде, ағымдағы уақытта таңдалған өлшем бірлігі мәтіндік индикаторда (e) көрсетіледі, қолжетімді өлшем бірліктері өлшем бірлігінің индикаторында (d) көрінеді.
- Жарық диодты бағыт индикаторлары (LED): 3 жарық диодты бағыт индикаторын (2), (4) және (3) жарықтығы бойынша өзгертуге немесе өшіруге болады. Жарық диодтары таңдалған реттеуде тиісінше жанады.
- Дисплей жарығы (LIT): дисплей жарығын қосуға (жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық диоды жанады) болады.
- Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы (MEM): лазер сәулесінің қабылдау өрісінен шығу бағытының индикаторын қосуға (жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық диоды жанады) болады.
- Орталық функциялар (CF/CL) (LR 65 G): CenterFind (CF) режимі мен CenterLock (CL) режимінің бірін таңдауға болады. Ағымдағы режим мәтіндік индикаторда (e) көрсетіледі.
Лазер қабылдағышын өшірген кезде, дисплей жарықтығының реттеуінен басқа барлық реттеулер жадқа сақталады.