Тік еңіс бұрышын реттеу

Тік еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ) аралығында реттеуге болады.

Жиі қолданылатын тік еңіс бұрышын жылдам әрі дәл реттеу үшін 0°, 22,5°, 33,9°, 45° және 47° бұрыштары үшін тіреуіштер қолданылады.

  • 0° стандартты еңіс бұрышы:
    Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, аздап солға қайырып, тіректі (43) толығымен артқа жылжытыңыз.
  • 45°, 33,9° және 22,5° стандартты еңіс бұрышы:
    Сол немесе оң жақ тіректі (31) қалаулы стандартты тік еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
  • 47° стандартты еңіс бұрышы:
    Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, аздап солға қайырып, тіректі (43) толығымен алға тартыңыз.

  • (43) тірегін толығымен алға тартыңыз.
    Осылайша еңіс бұрышының аймағы толығымен (сол және оң жақ) пайдаланылуы мүмкін.
  • Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (16) толығымен сыртқа тартыңыз немесе толықтай алып тастаңыз.
    Егер толық еңіс бұрышының аймағын пайдаланбақшы болсаңыз, сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (16) да толығымен сыртқа тарту немесе толығымен алып тастау қажет болады.
  • Қысқыш тұтқаны (34) босатыңыз.
  • Манипуляторды тұтқасынан (9) ұстай отырып, (41) немесе (33) бұрыш индикаторында қажетті еңіс бұрышы көрсетілгенше, солға немесе оңға қайырыңыз.
  • Қысқыш тұтқаны (34) қайтадан тартыңыз.