Бөліктерін орнату

Дайындама тіреуіштерін (26) электр құралының сол, оң немесе алдыңғы жағында орналастыруға болады. Икемді штепсельдік жүйе ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді (G суретін қараңыз).

  • Қажет болса, дайындама тіреуішін (26) электр құралындағы бекіткіштерге (47) немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (48) енгізіңіз.
  • Электр құралын еш жағдайда дайында тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
    Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз.

Қысқыш дөңгелек (45) реттелген тік еңіс бұрышын бекітеді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажет.

  • Алты қырлы гайканы бұрандалы болттан (49) бұрап шығарыңыз.
  • Қысқыш дөңгелекті (45) сағат тілінің бағытымен бұрандалы болтқа (49) бұрап орнатыңыз да, мықтап тартыңыз.

Жылжымалы тіреуіш планканы (28) аралау алдында монтаждау қажет.

  • Ара төсемінің оң жағындағы тіреуіш планканы (28) тиісті ойыққа кіргізіп, бұғаттау бұрандасын (44) мықтап тартыңыз.
    Тіреуіш планканың тегістелген бөлігі ара төсеміне қарай ішке қарап тұруы тиіс.