Пайдалануға ендіру
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) оңға тірелгенше басыңыз.
- Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (3) электр құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
- Беріліс ауыстырып-қосқышын әрдайым тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
Беріліс ауыстырып-қосқышының (3) күйі | Айналу жиілігі | Айналу моменті | Қолдану диапазоны |
---|---|---|---|
1 | Төмен | Жоғары | Ауыр қолданыс жағдайлары үшін: Mысалы, үлкен диаметрмен соққымен бұрғылау |
2 | Жоғары | Төмен | Жеңіл қолданыс жағдайлары үшін: Mысалы, кіші диаметрмен соққымен бұрғылау |