Іске қосу
- Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулінің қақпағы (15) жұмыс барысында жабық болғанын қадағалаңыз. Осылайша шаңның кіруіне жол бермейсіз.
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін айналуды тоқтату қосқышын (5) пайдалануға болады.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін айналуды тоқтату қосқышын (5) қажетті күйге бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшіп тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.
Нұсқау: ажыратқыш бұғатталған кезде, басқа жұмыс режиміне ауыссаңыз, электр құралы өшіп қалады.
Соққымен бұрғылау күйі
Егер алмалы-салмалы аспап бірден айналмаса, электр құралын, алмалы-салмалы аспап бірге айналғанша, баяу жұмыс істетіңіз.
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі
Қашау күйі
- Қажет болса, ажыратқыштың реттеу түймесін (7) жіберіңіз.
- Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (9) басыңыз.
Жұмыс шамы (11) ажыратқыш (9) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (9) жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (9) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы саны ұлғаяды.
Айналу жиілігін пайдаланушы интерфейсі немесе смартфон қолданбасы арқылы да реттеуге болады.
Қашауды 16 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Айналуды тоқтату қосқышын (5) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Айналуды тоқтату қосқышын (5) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.