Құралды ауыстыру (A суретін қараңыз)
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Ажыратқыш (17) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (2) төлкесін айналу бағытымен ➋ қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.