Құралды алмастыру (A–B суреттерін қараңыз)
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты (10) аспап патронының (1) квадратына қойыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (B суретін қараңыз)
GDS 18V-450 PC:
Алмалы-салмалы аспаптар құрал бекіткішінде кенет босап қалудан істікпен бекітілген.
Алмалы-салмалы аспапты шығару үшін жарамды көмекші құралмен істікті ішке басыңыз.