Аккумуляторлық картридждік пресстер үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
- Картридждік пресс автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті қайта баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
- Аккумуляторлық картридждік пресспен жұмыс істегенде пайдалану материалының өндірушісі ұсынған жеке қорғау жабдықтарын кийіңіз. Ол үшін нұсқаулықтарды пайдалану материалының қауіпсіздік нұсқауларын табасыз. Әрдайым қорғаныс көзілдірігі мен қолғапты кийіңіз, олар химиялық заттектермен істеуге арналған болуы тиіс. Материалға байланысты ретте басқа қорғаныс шараларыда қажетті болады.
- Осы электр құралын тек тығыздауыш материалдарды және желімдерді әдеттегі картридждерден шығару үшін пайдалануға болады. Басқа материал түрлерін беруге немесе клиентке тән орауыш жүйелерді пайдалануға тыйым салынады.
- Ұшқыр және қауіпті заттектерді өңдеуде жұмыс орны жетерлік желдетілуіне және керек болғанда сай противогаз тағылуына көз жеткізіңіз.
- Картридждердің өлшемдері осы электр құралы үшін дұрыс болғанына көз жеткізіңіз. Картридждер картридж ұстағышымен жақсы үйлескеніне және ол электр құралына мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін ғана материал қысуды бастаңыз.
- Ешқашан материалды дұрыс емес бағытталған немесе тығылып қалған картиджден бермеңіз.
- Пайдалану кезінде электр құралын ешқашан өзіңізге немесе басқа адамдарға бағыттамаңыз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |