Мақсаты бойынша пайдалану

Сандық тексеру камерасы қол жеткізу қиын болатын немесе қараңғы аймақтарды тексеруге арналған. Оны, жеткізілім жиынтығындағы көмекші құралдарды камера бастиегіне монтаждағаннан кейін, кіші және жеңіл заттарды (мысалы, кіші бұрандаларды) жылжыту және алып тастау үшін пайдалануға да болады.

Сандық тексеру камерасын медициналық мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар ол бітелген құбырларды тазалау немесе кабельдерді тарту үшін жарамайды.