Жұмыс істеуге дайындау

Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (8) көмегімен солға немесе оңға үлкейту мүмкін.

  • Қысу тұтқышын (57) арқаға қайырыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (8) керекті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз (максималды 250 мм).
  • Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш тұтқышты (57) қайта сыртқа басыңыз.

 

Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (6) сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.

тік еңіс бұрышы

көлденең еңіс бұрышы

0°–47°
(сол жақ)

≤ 44°
(оң/сол жақ)

  • Бұғаттау бұрандасын (58) босатыңыз.
  • Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (6) толық сыртқа тартыңыз.

0°–47°
(сол жақ)

≥ 45°
(оң/сол жақ)

  • Бұғаттау бұрандасын (58) босатыңыз.
  • Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (6) толық сыртқа тартыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз.
  • Бұғаттау бұрандасын (58) алып тастаңыз.

0°–47°
(оң жақ)

≤ 44°
(оң/сол жақ)

  • Бұғаттау бұрандасын (58) босатыңыз.
  • Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (6) толық сыртқа тартыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз.

0°–47°
(оң жақ)

≥ 45°
(оң/сол жақ)

Жылжымалы тұтқаның (34) жылжыту механизмі зауытта алдын ала реттелген болып, электр құралы жеткізілген кезінде бәсеңдетілмеген күйде болады.

Жылжыту механизмінің бәсеңдетілуін жеке ретте бәсеңдеткіште (59) реттеуге болады:

қатты – бақыланған жұмыс әрекеттері;

жұмсақ – жылдам аралау әрекеттері.

  • Екі реттегіш бұранданы (60) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (17) жұмсақ бәсеңдету үшін босатыңыз
  • немесе
  • екі реттегіш бұранданы (60) қатты бәсеңдету үшін қатты тартыңыз.

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған дайындамаларды өңдемеңіз.

  • Дайындаманы (7) және (6) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Жинақтағы бұрандалы қысқышты (19) арнайы саңылауларға (61) енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұранданы (61) босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
  • Бұрандалы өзекті (63) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.

Дайындаманы босату

  • Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (63) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.