Литий-иондық аккумулятормен (керек-жарақ) пайдалану (A суретін қараңыз)
Bosch аккумуляторлық динамиктерді аккумуляторсыз да сатады. Динамиктің жеткізілім жиынтығына аккумулятордың кіретін-кірмейтінін қаптамадан анықтауға болады.
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек осы зарядтағыш құрылғылар динамигіңізде қолданылатын литий-иондық аккумуляторлармен үйлеседі.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау иінтірегін (14) ашып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (13) ашыңыз.
18 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (21) тірелгенше кіргізіңіз. 18 В аккумуляторларды шығарып алу үшін аккумуляторды құлыптан босату тұтқасын (22), аккумулятор құлыптан босатылып, сыртқа шығатындай етіп тартыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
10,8 В немесе 12 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (18) тірелгенше кіргізіңіз. 10,8 В немесе 12 В аккумуляторларды шығарып алу үшін аккумуляторды құлыптан босату түймелерін (19) басып, аккумуляторды аккумулятор бекіткішінен тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятор бөлімінің қақпағын (13) жауып құлыптаңыз.