Ақаулықтарды жою

Мәселе

Себебі

Шешімі

Электр құралы жұмысқа дайын емес.

Аккумулятор зарядталмаған немесе аккумулятор бұзылған.

  • Аккумуляторды толық зарядтаңыз немесе оны алмастырыңыз.

Аккумулятор дұрыс орнатылмаған.

  • Аккумулятордың тұтқаға тірелгенін қамтамасыз етіңіз.

Аккумулятор температурасы тым жоғары немесе тым төмен.

  • Аккумулятор оңтайлы жұмыс температурасына (қайта) жеткенше күтіңіз.

Аккумулятор түйіспелері, қозғалтқыш немесе көтергіш магнит ластанған немесе бұзылған.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Қорап (14) іші бос.

Іске қосу сақтандырғышы (2) қисайған.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Электроника бұзылған.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Пайдаланушы интерфейсі (10) ақаулы.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр құралы жұмысқа дайын, бірақ шегелер шығарылмай жатыр.

Төмендегі құрамдас бөліктердің ықтимал ақауы:

  • Іске қосу құрылғысы (6)
  • Таңба
  • Қозғалтқыш немесе трансмиссиялық таспа
  • Электроника
  • Резеңке таспалар
  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Бөгде заттар қағу механизмінде жиналды.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Бөгде заттар ауызда (16) немесе қорапта (14) жиналды.

  • Ауызды (16) немесе қорапты (14) тазалаңыз.

Бір шеге итергіш каналда қысылып қалды.

Қорап қалқаны (18) ақаулы.

  • Қажет болса, қорап қалқанын (18) тазалаңыз да, қораптың (14) ластанбағанына көз жеткізіңіз.

Қорап қалқанының серіппесі тым әлсіз немесе бұзылған.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Пайдаланылатын қағылатын заттар рұқсат етілмейді.

  • Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға болады.

Қорап (14) іші бос.

Қате қағу реттілігі қолданылды.

  • Қағу процесін жаңадан орындаңыз және бұл ретте дұрыс іске қосу реттілігін сақтаңыз.
  • Пайдаланушы интерфейсі арқылы іске қосу жүйесін өзгертіңіз.

Шегелер тым терең қағылып жатыр.

Тереңдік шектегіші тым терең реттелген.

Буфер тозған.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Шегелер қажетті тереңдікте қағылмай жатыр.

Аккумулятор зарядталмаған немесе аккумулятор бұзылған.

  • Аккумуляторды толық зарядтаңыз немесе оны алмастырыңыз.

Қағылатын заттар тым ұзын.

  • Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға болады.

Тереңдік шектегіші тым жоғары реттелген.

Электр құралы шегелерді өткізіп жатыр немесе ырғағы тым жоғары.

Пайдаланылатын қағылатын заттар рұқсат етілмейді.

  • Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға болады.

Қорап қалқанының серіппесі тым әлсіз немесе бұзылған.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Шегелер итергіш каналда жиі қысылып қалады.

Пайдаланылатын қағылатын заттар рұқсат етілмейді.

  • Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға болады.
  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Шегелер ескірген, шегелер арасындағы желім жапсыру күшінен айырылды.

  • Жаңа шеге жолағын пайдаланыңыз

Шығарылған шегелер қисайған.

Таңба зақымдалған.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз.

Шегеқаққыш машина рұқсат етілмеген материал (мысалы, бетон, тас) үшін пайдаланылған.

  • Шегеқаққыш машинаны тек рұқсат етілген материал үшін пайдаланыңыз. Мақсаты бойынша қолдану