Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы ағашқа шеге қағып кіргізуге арналған.
Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға болады.
Нұсқау: электр құралы металл не бетонға шеге қағуға арналмаған.
GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: тұғырда, сатыда немесе басқа платформада жұмыс істеген және жұмыс күйін ауыстыру қажет болған кезде электр құралын автоматты кері қозғалыспен түйіспелі іске қосу режимінде пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда тек резервтік реттілікпен бірмәртелі іске қосу режимін пайдаланыңыз.