Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Әр жұмыс істеуден бұрын қауіпсіздік пен іске қосу құрылғыларының ақаусыз жұмыс істегенін және барлық бұрандалар мен гайкалардың берік бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген электр құралын дереу электр желісінен ажыратып, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр құралында нұсқаулардан тыс өзгерістерді орындамаңыз. Іске қосу сақтандырғышы сияқты электр құралының бөлшектерін бөлшектемеңіз немесе бұғаттамаңыз.
Жарамсыз құралдармен ешқандай "төтенше жөндеу" жұмыстарын өткізбеңіз. Электр құралына жүйелі түрде және тиісінше техникалық қызмет көрсету керек.
Электр құралының, мысалы, төмендегі әрекеттер арқылы әлсізденуіне немесе зақымдалуына жол бермеңіз:
- соғу немесе ою,
- өндіруші рұқсат етпеген құрылымын өзгерту,
- болат сияқты қатты материалдан жасалған шаблондарда жүргізу,
- жерге құлату немесе жерде жылжыту,
- балға ретінде пайдалану,
- күш салып жұмыс істеудің кез келген әдісі.
Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп алыңыз. Артыңызда адамдар тұрса, қабырға, төбе немесе еденге қапсырма атпаңыз. Қапсырмалар дайындаманы тесіп, әлдекімге жарақат тигізуі мүмкін.
Әлдеқашан қағылған қапсырмаға ешқандай қапсырма қақпаңыз. Бұл ретте қапсырма деформацияға ұшырап, қапсырмалар қысылуып қалуы мүмкін немесе электр құралы бақылаусыз жылжуы мүмкін.
Егер электр құралы суық қоршаған орта шарттарында қолданылатын болса, алғашқы қапсырмалар әдеттегіден баяу қағылады. Электр құралы жұмыс істеу арқылы жылығаннан кейін, қалыпты жұмыс жылдамдығында қайтадан жұмыс істеу мүмкін болады.
Соққыштың тозуын азайту үшін бос қағу әрекеттерін болдырмаңыз.
Ұзақ жұмыс үзілістерінде немесе жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріңіз, аккумуляторды шығарыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз.
Қапсырмалардың қағылу тереңдігін реттегіш дөңгелекпен (4) реттеуге болады.
- Қорапты (13) босатыңыз.
| |
|
(3) индикаторы тереңдік шектегішінің реттелуін бақылауға мүмкіндік береді.
- Қорапты қайта жабдықтаңыз.
- Жаңа қағылу тереңдігін сынақ дайындамада тексеріңіз.
Қажет болса, жұмыс қадамдарын қайталаңыз.
Қапсырмалар итергіш каналда қысылуы мүмкін. Бұл мәселе жиі орын алса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Нұсқау: егер қысылған жерді босатқаннан кейін, таңба бұдан былай кері жылжымаса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Іске қосу құрылғысын (5) жіберіңіз.
- Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (10) шығарыңыз.
- Қорапты ашуға арналған ажыратқышты (12) басыңыз. Қорап қалқаны шығып кетеді.
- Электр құралын, қораптағы қапсырма жолағы сыртқа сырғып шығатындай айналдырыңыз.Қысылған қапсырмаларды алып тастаңыз. Ол үшін қажетінше қысқашты пайдаланыңыз.
- Қорапты қайта жабдықтаңыз.
- Қорап қалқанын қораптың басына қарай тірелгенше тартыңыз.
Іске қосу сақтандырғышының (2) ұшындағы дайындама қорғағышы (1), электр құралы қағу әрекеті үшін тиісінше орналастырылған жағдайда, дайындаманы қорғайды. Дайындама қорғағышын алып тастауға және алмастыруға болады
- Іске қосу құрылғысын (5) жіберіңіз.
- Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (10) шығарыңыз.
- Қорапты (13) босатыңыз.
- Дайындама қорғағышын іске қосу сақтандырғышынан тартып алыңыз.
- Жаңа дайындама қорғағышын ашық ұшымен іске қосу сақтандырғышына салыңыз.
Нұсқау: қосалқы дайындама қорғағышын қораптың (13) төменгі жағында сақтауға болады. Ол үшін дайындама қорғағышын сақтау орнына (19) кіргізіңіз.
Электр құралын тасымалдау үшін, әсіресе сатыны қолданған немесе әдеттегіден тыс дене қалпында жылжытқан кезде өшіріңіз.
Электр құралын жұмыс орнына тек тұтқасынан (16) ұстап және іске қосу құрылғысын (5) іске қоспай тасымалдаңыз.
Электр құралын әрдайым аккумулятордан ажыратылған күйде және құрғақ, жылы жерде сақтаңыз.
Егер электр құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болмаса, құралдың болат бөлшектерін аздап майлаңыз. Бұл тот басудың алдын алады.