Шойбалғаны монтаждау (D–H суреттерін қараңыз)
Монтаждау жұмысын тегіс, көлденең бетте ғана орындаңыз. Монтаждау алдында шойбалғаның тасымалдау тұтқасын алып тастаңыз. Бұл ретте шойбалғаның пайдалану бойынша нұсқаулығын ұстаныңыз.
D суреті:
- Арбашада ең төмен жұмыс бұрышын орнатыңыз қараңыз Жұмыс бұрышын реттеу.
- Арбаша жақтауының астыңғы шетін жарамды биіктікке ие тұрақты тірекке, тірек беті шойбалға үшін көлденеңінен тураланатындай етіп қойыңыз.
E–F суреттері:
- Тұтқа бекіткішінің бекіткіш блогын (8) арбашаның ең жоғарғы жақтау саңылауына орнатыңыз.
- Құрал бекіткішінің бекіткіш блогын (9) арбашаның ең астыңғы жақтау саңылауына орнатыңыз. Бекіткіш блокты, F суретінде көрсетілгендей, енгізу керек шойбалғаға сәйкес бұраңыз.
- Әр бекіткіш блоктың шеттері арқылы бір бұрандалы қарнақты (13) енгізіңіз. Бұрандалы қарнақтардың ысырмалары сыртқа қарап тұруы керек.
- Әр бұрандалы қарнақтың астыңғы шетіне шойбалғаның бекіткіш жинағынан (14) бір салмалы шайба мен бір бекіткіш гайканы орнатыңыз. Бекіткіш гайкаларды 17 мм айыр тәрізді кілтпен сәл тартыңыз.
G суреті:
- Шойбалғаны, оның бұрандалы серіппе амортизаторы құрал бекіткішінің бекіткіш блогындағы (9) ойыққа орнатылатындай, бекіткіш блоктарға қойыңыз. Шойбалғаның құрал бекіткішінде құлыптау болты немесе ұстағыш қапсырма құралды кейінірек алмастыру үшін қолжетімді болғанына көз жеткізіңіз.
GSH 16‑28: ұстағыш қапсырманы ашыңыз.
H суреті:
- Тұтқа бекіткішінің екінші бекіткіш блогын (8) жоғарғы бұрандалы қарнақтарға, құрал бекіткішінің екінші бекіткіш блогын (9) астыңғы бұрандалы қарнақтарға орнатыңыз (құрал бекіткішінің астыңғы бекіткіш блогымен (9) бірдей бағытта). Екі блокты шойбалғаға тірелгенше жылжытып қойыңыз.
- Төсеме тақтаны (10), ойығын құрал бекіткішінің үстінде болатындай, бұрандалы қарнақтарға орнатыңыз.
- Бұрандалы қарнақтың астыңғы шетіндегі бекіткіш гайкаларды 17 мм айыр тәрізді кілтпен мықтап тартыңыз.
- Әр бұрандалы қарнақтың жоғарғы шетіне шойбалғаның бекіткіш жинағынан (14) бір салмалы шайба мен бір серіппелі сақинаны орнатыңыз.
- Әр бұрандалы қарнаққа шойбалғаның бекіткіш жинағынан (14) бір жұлдызша тұтқалы гайканы орнатып, оны жақсылап бұрап бекітіңіз.
Шойбалғаның кабелін тұтқадағы кабель ілгегіне (6) іліп қойыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шойбалғаға монтаждау үшін шойбалғаның пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз және ескеріңіз.
GSH 16‑28: алмалы-салмалы аспапты бұғаттау үшін құрал бекіткішінің ұстағыш қапсырмасын құрал бекіткішінің бекіткіш блогына (9) тірелгенше қайырыңыз.