Жеткізілім жиынтығы және монтаждық құрал
Пайдалану нұсқаулығында берілген жеткізу көлемінің сипаттамасына назар аударыңыз.
Арбашаның жинақтағы барлық бөлшектерін абайлап орауыштан шығарып алыңыз. Барлық орауыш материалдарын алып тастаңыз.
Арбашаны монтаждаудан бұрын төменде келтірілген барлық бөлшектердің жинақта болғанын тексеріңіз:
- Арбаша жақтауы (2)
- Ұстауға арналған тетік (5)
- 2 тасымалдау дөңгелегі (7) және оларға қатысты бекіткіш жинақ (12) (4 салмалы шайба және 4 сірге)
- Шойбалғаның бекіткіш жинағы (14) мына бөлшектерден тұрады: 1 төсеме тақта (10), тұтқа бекіткішінің 2 бекіткіш блогы (8), құрал бекіткішінің 2 бекіткіш блогы (9), 4 бұрандалы қарнақ, M10 (13), 4 жұлдызша тұтқалы гайка, 8 салмалы шайба, 4 серіппелі сақина және 4 бекіткіш гайка
Оған қоса сізге монтаждау үшін келесі құрал қажет (жеткізілім жиынтығында жоқ):
- Айыр тәрізді кілт, 19 мм
- Айыр тәрізді кілт, 17 мм
- Цанга
- Алты қырлы дөңбек кілт, 2 мм